Опера сахнасының жұлдыздары Дж. Россинидің «Шағын салтанатты мессасын» шырқайды

Опера сахнасының жұлдыздары Дж. Россинидің «Шағын салтанатты мессасын» шырқайды

14.04.2025 09:33:59 264

Кештің басты кейіпкерлері – «Астана Опера» Хоры мен Симфониялық оркестрі, дирижерлық тізгінде – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ержан Дәуітов.

Мессадағы таңдандырарлық опера әуендері мен таңдаулы хор нөмерлерінің үйлесуі, елордалық көрермендітәнті етері сөзсіз.

Туындының тұсаукесерінен кейін Джакомо Мейербер Россиниге: «Құдай сізге осындай жауһар туындының бірнешеуін жазу үшін, жүз жасауды бұйырсын және маған да сіздің мәңгі өлмес асқақ туындыларыңызды тамашалау үшін, дәл сонша жасқа жетуімді нәсіп етсін!»деп сүйсіне жазған хатын жолдағаны белгілі.

«Шағын салтанатты месса» - Еуропаның ең атақты әрі табысты опера композиторларының бірі, 40 астам операның авторы Джоаккино Россинидің шығармаларының ішіндегі шоқтығы биік туынды. Оны композитор опера жолындағы қызметін аяқтағаннан кейін жазған. «Шағын салтанатты месса» – кемеңгердің оқиғаға толы өмірі мен шығармашылығының қорытындысы.

«Шағын салтанатты месса» туындысының атауы оның көлеміне емес, бастапқыдағы сүйемелдеуші тақуалық құрамына – фортепиано мен органға, дәлірек айтқанда гармониумға (дыбысы фисгормонияға жақын аспап) байланысты аталған. Мұндай сүйемелдеу автор тарапынан өте дұрыс таңдалған, өйткені оркестр Россини стилінің  жасыра алмайтын опералық табиғатын айтарлықтай айқындай түспек. Шығарма оркестрдің орындауында алғаш рет композитор дүниеден озған кезде ұсынылды. «Астана Опера» тыңдарманы оны осы нұсқада ташамалайды. «Шағын салтанатты месса» – ерекше жарқын,мөлдір туынды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/30094?lang=kk