Қазақстан мен Перу саяси консультациялардың бірінші кезеңін өткізді

Қазақстан мен Перу саяси консультациялардың бірінші кезеңін өткізді

14.04.2025 09:34:01 319

ЛИМА, 2017 жылғы 28 қараша - Қазақстан-Перу саяси консультацияларының бірінші кезеңі өтті. Қазақстандық делегацияны Сыртқы істер министрінің орынбасары Ержан Ашықбаев, Перу Республикасының делегациясын Сыртқы істер министрінің орынбасары Нестор Пополизио басқарды.

Консультациялар барысында екіжақты қарым-қатынасты кеңейту мен практикалық мазмұнмен толықтыру, сондай-ақ сауда-экономикалық әріптестікті нығайту және мәдени-гуманитарлық байланыстарды дамыту бойынша қадамдар жасау мақсатында тараптардың алдағы уақытта саяси диалогты жандандыру туралы өзара ниеттестігі атап өтілді.

Екі жақты өзара әрекеттестіктің қарқындылығын арттыру қажеттілігімен қатар, тараптар халықаралық мәселелер бойынша ұстанымдарымен алмасты. Атап айтқанда, тараптар халықаралық саясаттың негізгі мәселелерін шешу тәсілдерінің ұқсастығы және жаңа қауіп-қатерлерге қарсы күрес жолындағы ынтымақтастықты кеңейтуге сондай-ақ халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтауда өзара әрекеттесуге дайын екендігін растап, БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді талқылады.

Қазақстандық дипломат ҚР Сыртқы саяси ведомство басшысы Қайрат Әбдірахмановтың Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне төрағалығы аясында келесі жылы қаңтарда Орталық Азия мен Ауғанстан бойынша БҰҰ ҚК министрлік пікірталастарына қатысу үшін Перу Сыртқы істер министріне арналған жеке шақыруын табыстады.

Е. Ашықбаев Қазақстан Перумен БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің күн тәртібіндегі барлық мәселелер сондай-ақ Кеңес аясында бірлескен мүшелік кезеңінде ортақ басымдықтар бойынша тығыз ынтымақтастық құруға сенім білдіретіндігін атап өтті. Перу дипломаты қазақстандық делегацияның Лимаға алғашқы ресми сапарын қошеметтеді және мемлекеттер арасындағы екіжақты ынтымақтастықты кеңейту Перудың 2018 жылы қаңтардағы БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің құрамына кіруіне байланысты маңызды екендігін атап өтті.

Келіссөздер қорытындысы бойынша екі елдің сыртқы саяси ведомстволарының өкілдері Саяси консультациялардың механизмін құру туралы меморандумға қол қойды, осылайша, Қазақстан-Перу құқықтық базасын кеңейтті.

Сапар соңында Е. Ашықбаев Перу Республикасының Экспорт және туризмді дамыту агенттігі- PROMPERU директорымен кездесу өткізді және екі ел арасындағы іскерлік байланыстарды кеңейту мен екіжақты сауданы әртараптандыру мақсатында Қазақстанның басым экспорттық өнімдерінің тізімін тапсырды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/30575?lang=kk