Қ.Әбдірахмановтың Ұлыбританиядағы сапары іскерлік, саяси және академиялық топтарымен кездесуімен жалғасты
14.04.2025 09:34:02 286ЛОНДОН, 2017 жыл 22 қараша – Сыртқы істер министрі Қ.Әбдірахмановтың Лондондағы «Чатам Хаус» Корольдік халықаралық қатынастар институтында сөйлеген сөзі Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне 2018 жылы қаңтардағы төрағалығының басымдықтарына арналды.
СІМ басшысы Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың ядролық қарудан азат әлемді құру, әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съездерін шақыру сияқты бастамаларына жан-жақты тоқталып өтті. Сонымен қатар, СІМ басшысы Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің мүшесі ретінде Орталық Азиядағы қауіпсіздік, Африкадағы бейбітшілік пен тұрақтылық, халықаралық терроризмге қарсы тұру, Сириядағы дағдарысты реттеу, Ауғанстандағы жағдайды реттеу мәселелеріне және БҰҰ реформаларына ерекше назар аударатыны туралы атап өтті. Кездесуге қатысушылар «ЭКСПО-2017» мұрасына және АХҚО жобаларына, Жасыл технологиялардың халықаралық орталығына және т.б. қызығушылық танытты.
Лондонға сапары барысында Қ.Әбдірахманов британдық парламентінің депутаттарымен, Боб Стюарт төрағалық ететін Қазақстанмен ынтымақтастық жөніндегі бүкілпартиялық тобының мүшелерімен кездесті. Министр британдық парламент мүшелерін Президент Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты мақаласының негізгі ережелерімен таныстырды, «100 нақты қадам» бағдарламасын мен жекешелендіру бағдарламасын іске асыру туралы, сондай-ақ «Астана» халықаралық қаржы орталығын құру және дамыту бойынша жоба туралы айтты. Қазақстанмен ынтымақтастық жөніндегі бүкілпартиялық тобының мүшелері қазақстандық-британдық қарым-қатынастарының даму серпінін жоғары бағалап, бірлескен жобаларды іске асыру үшін қолдау көрсетуге дайын екенін білдірді.
Қазақстандық сыртқы саяси ведомство басшысының Лондонға сапарының маңызды басымдылығы алдағы уақытта сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты дамыту болды. Еуропа қайта құру және даму банкінің Президенті Сума Чакрабартимен кездесу барысында ағымдағы және перспективалық бірлескен жобалар талқыланды. ЕҚҚДБ басшысының айтуынша, Қазақстан Банктің үлгілі серіктесі болып табылады. Соңғы жылдары мемлекет және жеке сектормен бірлескен жобалардың саны айтарлықтай өсті және Қазақстанның аймақтағы және әлемдегі рөлі артты. ЕҚҚДБ мемлекеттік-жекеменшік серіктестік жобаларын және «Бір белбеу – бір жол» бастамасын іске асыруда сондай-ақ сыртқы нарықтарда ел маркетингін дамытуда Қазақстанмен ынтымақтастықты нығайтуға ниетті.
Сыртқы істер министрінің беделді кәсіпкерлер - Британ-Қазақ Қоғамы мүшелерімен кездесуінің күн тәртібінде іскерлік ынтымақтастық мәселелеріне ерекше назар аударылды. Қазақстан Республикасының мұнай жобаларынан басқа салаларына инвестиция салуға қызығушылық танытқан «Independent Power Corporation» және «United Green» компанияларының басшыларымен жеке кездесулер барысында Қазақстан экономикасына инвестициялау және жаңа өндіріс орындарын ашу мәселелері талқыланды.
Сапар соңында Қ.Әбдірахманов Ұлыбританияда «Болашақ» бағдарламасы бойынша білім алатын қазақстандық студенттер қауымдастығымен кездесті. Сыртқы істер министрі шетелде білім алған жас қазақстандықтар кешенді жаңғырту бойынша стратегиялық мақсаттарды жүзеге асыруда және әлемнің ең дамыған 30 ел қатарына кіруге елеулі үлес қосатындығын атап өтіп, студенттерге оқуда табыстар тіледі.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/30654?lang=kk