Қазақстан Президенті Қытай қоғамдық ғылымдар академиясында лекция оқыды

Қазақстан Президенті Қытай қоғамдық ғылымдар академиясында лекция оқыды

14.04.2025 09:34:17 1476

Мемлекет басшысы Академия профессорлары мен сарапшыларының және қазақстандық студенттердің алдында сөйлеген сөзінде қоғамдық ғылымдардың кез келген мемлекеттің даму бағдарын айқындауға елеулі үлес қосатынын атап өтті.

Президент Қазақстан мен Қытай тарихында ортақ дүниелер көп екенін айтты. Оның сөзінше, екі халықты өркендеу рухы мен алға қарай ұмтылыс жақындата түседі.

Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің дипломатиялық қызметін дәл осы Бейжіңде бастағанын айтып, сол кезде ұлы мемлекет қайраткері Дэн Сяопиннің ашықтық пен реформалар саясатына куә болғанын жеткізді. Сондай-ақ, Президент барлық қатысушыларды Қытай Халық Республикасының 70 жылдық мерейтойымен құттықтап, бұл тарихи датаның орта деңгейдегі «сяокан» қытай қоғамын құру жолындағы маңызды белес екеніне тоқталды.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы Қазақстанның жедел жаңғыртулардың арқасында тарихи тұрғыдан қысқа мерзім ішінде әлемнің дамыған 50 елінің қатарына қосылғанына назар аударып, еліміздің  даму қарқынын тоқтатпай, тек алға қарай жүре беретінін және 2050 жылға дейінгі ұзақ мерзімді даму стратегиясын жүзеге асыратынын айтты.

Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің тәуелсіздігін, оның экономикалық әлеуеті мен адами капиталды одан әрі нығайту және халықтың әл-ауқатын арттыру маңызды мақсат екенін айтты. Мемлекет басшысының айтуынша, алдымызда Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев ұсынған мемлекетті жаңғырту бағдарламасын толыққанды жүзеге асыру міндеті тұр. Қазақстан Республикасы халықаралық аренада көршілес мемлекеттермен қатар, ізгі ниетін қолдайтын басқа да елдермен достық қарым-қатынастарды кеңейтуге, өзара тиімді ынтымақтастықты арттыруға мүдделі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-kiev/press/news/details/31590?lang=kk