Қазақстан мен Боливия ынтымақтастықты кеңейтуге мүдделік білдірді
14.04.2025 09:34:19 2752017 жылғы 17 тамызда Қазақстанның Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов Астанаға қазақстандық-боливиялық екіжақты қарым-қатынастар тарихында алғашқы ресми сапарымен келген Боливияның Сыртқы істер министрі Фернандо Уанакуни Маманимен кездесті.
Қазақстан мен Боливияның 2017-2018 жж. БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшеліктерін ескере отырып, СІМ-де өткен келіссөздер күн тәртібіне көпжақты ынтымақтастық мәселелері кірді. Министрлер БҰҰ және басқа халықаралық ұйымдардың жұмысы шеңберінде ядролық қарусыздандыру мен ядролық қарудан азат әлем құру мәселелерінде қазақстандық-боливиялық әріптестіктің ортақ мүдделерін ілгерілету мен тереңдету үшін бірлескен күш-жігерлерді үйлестіру маңыздылығын ерекше атап өтті.
Келіссөздер барысында сыртқы саяси ведомство басшылары Боливияның «ЭКСПО-2017» көрмесіне қатысуы нәтижесіндегі оң тәжірибесін қоса алғанда екіжақты қарым-қатынастардың келешектегі даму мәселелерін талқылады. Бұл ретте, екіжақты ынтымақтастық шеңберіндегі энергетикалық және тау-кен өнеркәсіп салалары, сондай-ақ шағын және орта бизнесте іскерлік байланыстарды дамыту әлеуеті аталды. Сонымен қатар, тараптар ғылым, білім және спорт бағдарламаларын дамытуға өзара қызығушылық танытты.
Кездесу соңында Қ. Әбдірахманов пен Ф. Уанакуни Қазақстан мен Боливия арасындағы диалогты кеңейту жөніндегі сімаралық саяси консультацияларды өткізуге қабылданған шешімін қоса алғанда екіжақты ынтымақтастықтың өзекті перспективаларын белгілейтін Саяси декларацияға қол қойды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/32003?lang=kk