Агенттікте Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне арналған салтанатты іс-шара өтті
14.04.2025 09:34:31 15422019 жылғы 29 тамызда Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінде Қазақстан Республикасының Конституциясы Күнін мерекелеуге арналған салтанатты іс-шара өтті.
Агенттік төрағасы Анар Нұралықызы Жаилғанова өзінің құттықтау сөзінде Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің қызметкерлері Ата заң құндылығын бағалап, әр уақытта халыққа қызмет етуді басты бағдар етіп алуы тиіс екендігін атап өтті.
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы «Біз Конституция ережелерін басшылыққа ала отырып, ұлы жолдарды жүріп өттік» деп айтқан болатын.
Сол Ұлы жолдағы белестерді бағындыруға әр азамат өзінің білімі мен қажырлы қызметін жұмсап, мемлекетіміздің дамуына өз үлестерін қосып келе жатқаны айқын.
Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаев «Біз үшін ең маңызды міндет – заңға сай адал қызмет ету» деп заң үстемдігіне баса айтты.
Осы орайда, Конституция елімізде құқықтық мемлекет қалыптасуының, заңның үстемдігі орнауының кепілі болып қала бермек.
Сонымен бірге Агенттік төрағасы Агенттік қызметкерлері барша азаматтардың конституциялық құқығының сақталуы жолында абыроймен еңбек ете береді деп сөзін қорытындылады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/qyzmet/press/news/details/33308?lang=kk