Алматы облысында Халықаралық отбасы күніне орай көп балалы отбасыға баспана берілді

Алматы облысында Халықаралық отбасы күніне орай көп балалы отбасыға баспана берілді

14.04.2025 09:34:49 1575

Алматы облысы Кербұлақ ауданы Шұбар ауылдық округінде 15 мамыр – Халықаралық отбасы күні мерекесінде көп балалы отбасыға баспана берілді. «Архар» шаруа қожалығының басшысы Жетенов Талғат Нұрлыжанұлы  5 баланың анасы Бейсенбаева Раиса Өмірбекқызына  4 бөлмелі баспана кілтін тапсырды. 
     Қуанышы қойнына сыймаған Раиса Өмірбекқызы «Архар» шаруа қожалығының басшысы Жетенов Талғат Нұрлыжанұлына шексіз алғысын жеткізді.
     «Бүгінге дейін баспана қиыншылығын көп көрдік. Жұбайыммен  және 5  баламен пәтер жалдап күн кештік. Бір балам студент, үшеуі оқушы, ал кішісі 6 жаста. Енді өзіміздің жеке үйіміз бар. Талғат Нұрлыжанұлына рахмет. Көп балалы ана деп ескеріп, осындай үйдің кілтін табыс етіп отырғанына», -деді батыр ана. 
    «Міне бүгін осындай көп балалы отбасына, ауылымыздың мейірімді жандарының бірі, баспана кілтін табыстап отыр. Жәрдемдесуге мүмкіндік болса, неге көмектеспеске?! »-, дейді ауыл ақсақалы
Сонымен қатар бұл отбасыға Кербұлақ ауданының  «Зекет» қоры  атынан ақшалай көмек көрсетілді. 
Айта кетсек Кербұлақ ауданында  наурыз айында бастау алған қайырымдылық іс-шара әліде жалғасуда.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-kerbulak/press/news/details/33643?lang=kk