Жер қатынастары мәселеріне қатысты семинар өтті

Жер қатынастары мәселеріне қатысты семинар өтті

14.04.2025 09:34:51 1511

Бүгін аудан әкімдігінің мәжіліс залында, Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі жанындағы республикалық арнайы мониторингтік тобының мүшесі, белгілі қоғам қайраткері, жер қатынастары мәселелері жөніндегі жетекші сарапшылардың бірі, жер қатынастары, заң және сот бойынша тәжірибесі мол кәсіби адвокат – Базарбек Бақытжан Жұмабекұлымен жер қатынастары мәселеріне қатысты семинар өтті. Аудан әкімінің орынбасары Серікбай Бәкенұлы Қожахетов семинарға төрағалық етті. Семинарға аудан тұрғындары, Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінің бас маманы Талап Сайлаубайұлы Шаухаров, аудан прокурорының орынбасары, аудандық жер қатынастары, ауыл шаруашылық, саулет және қала құрылысы, жер кадастры және жылжымайтын мүлік бөлімдерінің басшылары мен мамандары, аудандағы шаруа қожалықтары, серіктестіктер, коопреатив басшылары мен мүшелері қатысты. Семинарда Базарбек Бақытжан Жұмабекұлы жер мәселелеріне қатысты баяндамасын айтып өтті. Сонымен қатар,болашақта жүзеге аса бастайтын жаңашылдықтар турасында, оның ішінде өз уақыттарын үнемді пайдалануға мүмкіндіктер беретін электронды үкімет, оның қарапайым жандарға беретін артықшылықтары жайында өз ойын білдірді. 
Семинар соңында сұрақ-жауап форматына кезек беріліп, семинарға қатысушылар өздерін толғандырған сауалдарын қойып,сауалдарына жауаптарын алып Бақытжан Жұмабекұлына алғыстарын білдірді.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-kerbulak/press/news/details/33647?lang=kk