Заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының кезекті отырысы өтті

Заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының кезекті отырысы өтті

14.04.2025 09:35:41 528

Ағымдағы жылғы 1 қарашада Әділет вице-министрі Наталья Панның төрағалық етуімен және мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес сектордың және бизнес-қоғамдастықтың қатысуымен Заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысы өтті.

Отырыста мынадай заң жобалары қарастырылды:

1. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өсімдіктер дүниесі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасының тұжырымдамасын қарастыру (баяндамашы – ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі – Ерлан Нысанбаев);

2. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне дене шынықтыру және спорт мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасының тұжырымдамасын қарастыру  қарастыру көзделген. (баяндамашы– ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің вице-министрі Елдос Рамазанов).

ҚР Әділет министрлігінің баспасөз қызметі

pressgov@mail.ru.   Тел: 74-06-01,  74-06-02

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet/press/news/details/34211?lang=kk