Профессор Жаумбай Қараевтың облыс педагогтарымен кездесуі
14.04.2025 09:36:29 1643Ағымдағы жылдың 11 қазаны күні Ақтау қаласындағы химия биология бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінде «Өрлеу» БАҰО» АҚ Басқармасы төрағасының бірінші орынбасары, білім беру ісінің үздігі, п.ғ.д., профессор Жаумбай Қараевтың Маңғыстау облысы педагогтарымен кездесуі өтті.
Кездесуге өңіріміздің мектеп, колледждерінің мұғалімдері мен оқытушылары, «Өрлеу» БАО, НЗМ, білім басқармасының қызметкерлері, БАҚ өкілдері қатысты.
Еркін форматта өткен кездесуде қазіргі таңда өзекті болып отырған жаңартылған білім беру мазмұнына көшу барысындағы мәселелер талқыланды.
Жаумбай Амантұрлыұлы «Педагогикалық технология – ХХІ ғасыр дағдыларын қалыптастырудың басты құралы» тақырыбындағы лекциясын оқыды.
Шара барысында мұғалімдерге «Ұстаздар күніне" ҚР Президентінің алғыстары мен ҚР Білім және ғылым министрлігінің және «Өрлеу» біліктілік арттыру ұлттық орталығының марапаттары табысталды.


Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-edu/press/news/details/34452?lang=kk