Шатырлы лагерь

Шатырлы лагерь

14.04.2025 09:36:32 1529

Орталық 12-15 тамыз күндері аралығында "Шопан ата" және "Қызылқұм" демалыс орындарында, Жаңаөзен қалалық және Қарақия ауданының білім беру бөлімдерімен бірлесіп, 2 күндік туристік шатырлы лагердің екінші маусымын  ұйымдастырды. Мамандарымыз бағдарламаға сәйкес, оқушыларға 2күндік туристік шатырлы лагердің ашылуын және қатысушыларымызды қауіпсіздік ережелерімен таныстырды.

Оқушыларымыз табиғатты тамашалап, кешкі алау жанында жаңа достармен әндер айтып, «Мина», «Қамал», «Қолменен футбол», «Қызыл мен Көк ту», «Эстафеда» "Арқан тартыс" танымдық ойындарына қатысып, маңғаз Маңғыстаудың ғажайып жерлерінде естелікке суретке түсті. Шаттығы мол шатырлы  лагерімізге барлығы 80 адам қамтылды. Сонымен қатар Қарақия ауданының  білім беру бөлімінің жетекшілерімен «Қызылқұм» демалыс орнының қызметкерлеріне орталықтың атынан алғыс айтамыз, сіз бен біз болып алдағы уақытта да осындай шараларымыз өз жалғасын табады деген сенімдеміз. Жас туристеріміз табиғатты аялауды, демалыс орынындағы біраз танымдық білім-біліктіліктерін іс-тәжірибиеде арттырғандарын айтып, осындай шаралар жиі өтсе деген ниетпен, жылы  лебіздерін білдіріп, көтеріңкі көңіл күйде үйлеріне қайтты.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-edu/press/news/details/34527?lang=kk