«TAZA MINSIZ ASYL SÓZ..."
14.04.2025 09:36:43 1612Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президент күніне орай, «TAZA MINSIZ ASYL SÓZ...» атты аудандық байқауы өткізілді. Байқаудың мақсаты: Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақалада белгіленген, өскелең ұрпақты туған жерге, Отанға, ана тіліне, ұлттық рухани құндылықтар – төл өнерімізге, оның ішінде шешендік өнерге деген қабілеттерін шыңдау.Тіл мәдениетін көтеру, шешендік өнерді насихаттау, сөз өнеріне жақын, тілге шешен, ділмар таланттарды іздеп табу латын әліпбиін насихаттау. ІІІ кезеңнен тұрған («Ұлы Абай-халық жүрегінде тақырыбында » латын қарпінде эссе, таныстыру, ұлылардан қалған ұлы сөздер) байқау барысында жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар болған қатысушылар арасында бас жүлдені Жыланды ауылдық округінен Б.Болатова, І орынды Ынталы ауылдық округінен А.Жұман иеленіп, өзгеде қатысушылар диплом, алғыс хаттармен бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-alakol/press/news/details/34641?lang=kk