Алдағы сайлау аясында Қазақстан Елшісі Kuwait Oil Company-де жұмыс істейтін отандастармен кездесті

Алдағы сайлау аясында Қазақстан Елшісі Kuwait Oil Company-де жұмыс істейтін отандастармен кездесті

20.08.2026 13:42:47 328

Әл-Кувейт, 2026 жылғы 19 тамыз – Қазақстан Республикасының Кувейт Мемлекетіндегі Елшісі Ержан Елекеев Kuwait Oil Company (KOC) компаниясына барып, Кувейттің мұнай-газ саласында еңбек ететін Қазақстан азаматтарымен кездесті.

Кездесу барысында Елші қазақстандық мамандардың еңбек жағдайларымен танысып, отандастармен өзара қызығушылық тудыратын өзекті мәселелерді талқылады. Шетелде еңбек етіп жүрген қазақстандық мамандардың жоғары біліктілігі және олардың Кувейттің мұнай-газ саласын дамытуға қосып жүрген үлесі атап өтілді.

2026 жылғы 23 тамызда өтетін Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының алдағы сайлауына ерекше назар аударылды. Е. Елекеев дауыс беру тәртібі туралы ақпарат беріп, Қазақстан азаматтарын белсенді азаматтық ұстаным танытып, сайлауға қатысуға шақырды.

Елші шетелде тұратын және еңбек ететін Қазақстан азаматтарымен тұрақты байланысты сақтаудың маңыздылығын атап өтіп, Елшіліктің отандастарға қажетті консулдық және ақпараттық қолдау көрсетуге дайын екенін жеткізді.

Кездесу аясында компания өкілдері Елшіні өндірістік нысандармен және кәсіпорын қызметінің негізгі бағыттарымен таныстырды.

Кездесу соңында Ержан Елекеев қазақстандық мамандарға кәсібилігі және Қазақстанды шетелде лайықты танытып жүргені үшін алғыс білдіріп, жұмыстарына табыс және амандық тіледі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-kuveyt/press/news/details/1277337?lang=ru