Шекарашылар Бекіре балық аулағандарды құрықтады

Шекарашылар Бекіре балық аулағандарды құрықтады

14.04.2025 09:37:06 1659

Кеше Орал шекара жасағының «Ақсай» шекаралық бақылау  пунктінде  ҚР-дан РФ-ға «Лада» автомашинасымен кетіп бара жатқан 1964 жылғы туған РФ азаматы ұсталды. Шекара наряды автокөліктің жүк салғышын тексеру барысында Бекіре балық алып бара жатқанын анықтады.

Ұсталған азамат Бөрілі аудандық полиция бөліміне тапсырылды. Аталған факті «Жоғалып кету қаупі бар және сирек, сондай-ақ қолдануға тыйым салынған өсімдіктер мен жануарларды заңсыз аулау» бойынша ҚР ҚК 339-бабымен қарастырылады.

Кеше Жағалау күзеті Ақтау теңіз әскери бөлімінің шекаралық корабльдері Каспий теңізінен «Байда» типтес екі шағын жүзу құралын анықтап, қолға түсірді. Ұсталған жүзу құралдарынан жалпы салмағы 564 кг құрайтын 116 дана тірі Бекіре балығы, 13 000 дана балық аулайтын қармағы бар ұзындығы 26 м калада тәркіленді. Ұсталған тірі бекірелер теңізге жіберілді. Сөйтіп теңіз шекарашылары 142 410 000 теңге сомасындағы шығынның алдын алды.

Аталған факті «Жоғалып кету қаупі бар және сирек, сондай-ақ қолдануға тыйым салынған өсімдіктер мен жануарларды заңсыз аулау» бойынша ҚР ҚК 339-бабымен қарастырылады.

ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shekaraknb/press/news/details/34851?lang=kk