Жастар жылына және Әйтеке бидің 375 жылдығына арналған «Жастар жырлайды» атты республикалық ақындар айтысы
14.04.2025 09:37:14 17852019 жылдың 14 ақпаны күні Қызылорда облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының ұйымдастыруымен Жастар жылына және Әйтеке бидің 375 жылдығына арналған «Жастар жырлайды» атты республикалық ақындар айтысы өткізілді.
Аламан бәйгеде облыс әкімінің орынбасары Руслан Рүстемұлы сөз алып, шешен-бидің өнегелі өмірі мен тағылымды ой-пікірін көпке үлгі етіп, қатысушы ақындарға шабыт тіледі.
Жыр додасына республикаға танымал Аспанбек Шұғатаев (Павлодар қаласы), Рүстем Қайыртайұлы (Алматы қаласы), Аруна Керімбек (Тараз қаласы), Біржан Байтуов (Шымкент қаласы), Дәурен Ысқақ (Астана қаласы), Райымбек Өтепов (Орал қаласы) және Сыр елінен Нұрмат Мансұров, Сырым Әділбек, Нұрзат Қару, Бексұлтан Орынбасаровтар қатысып, бақ сынады.
Аламан бәйгені екі дүркін «Алтын домбыра» иегері Мұхтар Ниязов жүргізді.
Сонымен қатар, айтысқа қатысушы ақындардың өнерін бағалау үшін, қазылар алқасының төрағасы Жүрсін Ерман бастаған «Айқын» газетінің бас редакторы Нұртөре Жүсіп, «Ана тілі» газетінің бас редакторы Жанарбек Әшімжан, жазушы-журналист Айжарық Сәдібекұлы және айтыскер ақын Кенжебай Жүсіповтер қазылық етті.
Қазылар алқасының шешімімен аламан айтыстың Бас жүлдесін жерлесіміз Нұрмат Мансұров еншілесе, I орын – Алматы қаласынан Рүстем Қайыртайұлы, II орын – Шымкент қаласынан Біржан Байтуов, III орын – Тараз қаласынан Аруна Керімбек және Павлодар қаласынан Аспанбек Шұғатаевтарға бұйырды. Сондай-ақ, облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының «Жастар жүлдесі» номинациясымен Орал қаласынан келген жас ақын Райымбек Өтепов марапатталды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-cultura-arhiv/press/news/details/34966?lang=kk