Жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін мемлекеттік гранттар алу конкурсына қатысу үшін қажетті құжаттар тізбесі:
14.04.2025 09:37:18 1575Жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін мемлекеттік гранттар алу конкурсына қатысу үшін қажетті құжаттар тізбесі:
1) нысан бойынша Жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін шағын кәсіпкерлік субъектілеріне мемлекеттік грант алу үшін өтінім (веб-бөлікте орналастырылған: www.industry.gov.kz);
2) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесі/жеке кәсіпкерді тіркеу туралы хабарлама;
3) өтініш берген күнге дейін күнтізбелік 30 (отыз) күннен кешіктірмей берілген бюджетке төленетін міндетті төлемдер бойынша берешектің жоқтығы туралы анықтама;
4) басшының қолымен және өтініш берушінің мөртаңбамен (болған жағдайда) расталған, өтінім беру сәтіндегі жалдамалы жұмыскерлердің орташа саны туралы анықтама;
5) бизнес-жоба;
6) көрсетілетін қызметті алушының Бағдарлама және (немесе) «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде оқудан өткендігін растайтын құжаттың ескіру мерзімі 2 (екі) жылдан аспайтын көшірмесі;
7) көрсетілетін қызметті алушының ағымдағы шотында берілетін мемлекеттік грант көлемінің кемінде 10% ақша қаражатының болуы туралы банктік шоттан үзінді көшірме немесе жылжымалы және/немесе жылжымайтын мүліктің бағалау құнын растайтын құжаттар;
8) көрсетілетін қызметті алушының атынан өтінім беру құқығына сенімхат, сенім білдірілген адамның паспортының көшірмесі (заңды тұлға атынан – заңды тұлға растаған).
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-kerbulak/press/news/details/34998?lang=kk