Туристік шатырлы лагерь
14.04.2025 09:37:33 1600Ағымдағы жылдың 03-04 маусым күндері аралығында білім басқармасының 2019 жылғы 14 наурыздағы №25 нқ бұйрығымен бекітілген балалардың жазғы каникул кезеңінде сауықтыру демалысын, бос уақытын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру және қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес, Облыстық балалар мен жасөспірімдер туризмінің орталығы «Ақмыш» демалыс орнында алғаш рет 2 күндік туристік шатырлы лагерь ұйымдастырды. Шатырлы лагерьге Мұнайлы ауданының 45оқушысы қатысты.
Қатысушылар шатырлы лагерьдің ашылу салтанаты барысында қауіпсіздік ережелерімен таныстырылып, Қазақстан Республикасының Рәміздері күніне орай гимнді орындап және «Бүкіл әлемдік қоршаған ортаны қорғау» күніне арналған тазалық жұмыстарын жүргізді. Шатырлы лагерь бағдарламасына сәйкес, оқушыларға экологиялық квест, туристік-спорттық ойындар ұйымдастырылып және кешкі алау жанында бард әндері орындалды.Келесі күні Шерқала, Айрақты, Самал шатқалдарына саяхаттар жасалынып, табиғат көріністерін тамашалады.
Шатырлы лагерьге барлығы 56 адам қамтылды. Қатысушылар тарапынан туристік шатырлы лагерьдің жұмысы жоғары деңгейде бағаланып, осындай шаралар жиі ұйымдастырылса деген ұсыныстарын білдірді.



Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-edu/press/news/details/35087?lang=kk