«Үздік мектеп музейі» облыстық байқауы

«Үздік мектеп музейі» облыстық байқауы

14.04.2025 09:37:37 1559

Білім басқармасының іс-шаралар жоспарына сәйкес «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында, Облыстық балалар мен жасөспірімдер туризмінің орталығында 2019 жылы 14 мамыр күні жалпы білім беру ұйымдарының музей қызметкерлері арасында өскелең ұрпақты әлеуметтендіруде және ұлт құндылықтарымен жәдігерлерін насихаттау мақсатында «Үздік мектеп музейі» атты облыстық байқауы өткізілді.

Байқауға әр аудан қалалардан қамтылған қатысушылар саны-12.

Байқау бағдарламасында «Ұлы даланың ұлы тұлғалары», «Музейдің жұмысын сипаттайтын бейнеролик», «Музей кабинеті» номинациялары қарастырылды.

Қатысушылар байқау барысында облыс мектеп музейлері жайлы ақпараттармен бөлісіп, нәтижесінде қазылар алқасы музей жетекшілеріне музей кеңесінің құрамын кеңейту, дөңгелек үстелдер өткізу, музей жәдігерлері және ережелері бойынша нұсқаулықтар дайындау жөнінде  өз ұсыныстарын білдірді.

Жеңімпаздар білім басқармасының дипломдарымен және сертификаттарымен марапатталды.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-edu/press/news/details/35124?lang=kk