Көрікті орта – көпке ортақ

Көрікті орта – көпке ортақ

14.04.2025 09:38:11 1651
Көрікті орта – көпке ортақ
Күзгі санитарлық тазалық айлығы аясындағы жалпықалалық тазалық жұмыстарына, әсіресе, аға буын өкілдері белсенді қатысып, үлгі-өнеге көрсетті. 
Өткен сенбіде бір топ белсенді азаматтар Д.Қонаев көшесінің «Достық» шағынауданындағы Керімбек би көшесінен қалаға кіреберіске дейінгі бөлігінде тазалық жұмыстарын жүргізіп, жолдың екі қапталын түрлі қоқыстардан тазалап шықты. Олардың ішінде жасы егде тартқан ақсақалды аталар да, жасөспірім балалар да бар. Олар белсенді қимылдап, көше бойын, сондай-ақ, «Алатау» шағынауданындағы мешіт салынатын орынды тазалады. Көпшілікке  ризашылығын жеткізген қала әкімі Бахтияр Өнербев қаламызға келген ресейлік «Шапито» циркінің билеттерін сыйға тартып, балаларды қуантты. 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-tekeli/press/news/details/35607?lang=kk