СЫРДАРИЯ ӨЗЕНІНДЕГІ СУ
14.04.2025 09:38:25 1647Ағымдағы жылғы 15 наурыздағы жағдай бойынша Шардара су қоймасынан төменгі ағысқа секундына 270 текше метр су жіберіліп, оның секундына 200 текше метрін Көксарай су реттегіші алуда. Облыс аумағына секундына 120 текше метр су келіп түсуде. Қызылорда су торабынан төменге 95 м3/сек, Айтек су торабынан 30 м3/сек, Қараөзектен 60 м3/сек, Басықара су торабынан 110 м3/сек, Ақлақ су торабынан 190 м3/сек су босатылуда. Арал теңізіне жіберіліп жатқан су көлемі 62 м3/сек құрап отыр. Облыс аумағындағы Қазалы және Арал аудандарында Сырдария өзенінде ауа-райының жылынуына байланысты мұз еруде. Ал, оңтүстік аудандарда өзен беті мұздан таза. Жалпы бүгінгі күнге Сырдария өзені арнасындағы су шаруашылығы нысандарының жағдайы бірқалыпты
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-tabigat/press/news/details/35679?lang=kk