Кезектен тыс сессия өтті

Кезектен тыс сессия өтті

14.04.2025 09:38:36 1542

29 қараша күні аудандық мәслихаттың депутаты, «Нұр Отан» партиясы Қаратөбе аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Нұрлан Оразовтың төрағалығымен аудандық мәслихаттың алтыншы шақырылымдағы кезектен тыс ХХХV сессиясы өтті.

Сессия жұмысына аудан әкімі Жанат Асантаев қатысты.
Сессияның күн тәртібіне сай аудандық мәслихаттың 2018 жылғы 21 желтоқсандағы «2019-2021 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы » №24-4 шешіміне өзгерістер енгізу туралы аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Берік Нұрмағамбетовтың хабарламасы тыңдалды.
Б.Базарұлы хабарламасында 2019 жылғы республикалық бюджеттен берілетін нысаналы трансферттер: Мүгедектерді міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету нормаларын ұлғайтуға бөлінген қаржы 531 мың теңгеге азайтылатындығын, облыстық бюджеттен берілетін нысаналы трансферт: Эпизотияға қарсы іс-шараларды жүргізуге 13552 теңге бөлінгенін, сонымен қатар 2019 жылғы облыстық бюджеттен азайтылатын нысаналы трансферттер туралы айтып, аудандық бюджеттің кіріс бөлігін
20 млн. теңгеге өсіруді аудандық мәслихат депутаттарының назарына ұсынды.
Аудандық мәслихат депутаты Қобыланды Жұмағалиев алдағы жылдың 1қаңтарынан аудандағы ауылдық округтердің жаппай дербес бюджетке көшетіндігіне байланысты мамандарды оқытуға қаражат қарастылғанына ризашылығын білдіріп, бюджетке енгізілетін өзгерістерді құптайтынын айтты.
Сессияның күн тәртібіне қойылған мәселелерді халық қалаулылары бірауыздан қолдады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-karatobe/press/news/details/35728?lang=kk