«Қош келдің, Әз Наурыз!» мерекелік іс-шара
15.04.2025 17:52:18 1537Құрметті Тараз қаласының тұрғындары мен қонақтары!
Сіздерді 21 наурыз күні сағат 11.00-де орталық алаңда ұйымдастырылатын «Қош келдің, Әз Наурыз!» атты мерекелік іс-шараны тамашалауға шақырамыз!
Бағдарламада:
•театрландырылған қойылым;
•киіз үйлер қалашығында қолөнер, тұрмыстық, ұлттық салт-дәстүрлерден көріністер, қазақ ертегілерінің кейіпкерлерінен фотоаймақ;
•ұлттық спорт ойындары, алтыбақан, ұлттық тағамдардан сауда-саттық қамтылады.
Концерттік бағдарламада эстрада жұлдыздары өнер көрсетеді. Атап айтсақ: “Қоңыр” тобы, “Жігіттер” квартеті, Қырғыз Республикасының халық әртісі Саламат Садыкова және жергілікті өнер жұлдыздары.
Кештің жүргізушілері: Ғалымжан Кеншілік пен Гүлнұр Оразымбетова.
Келіңіздер, көріңіздер, жыр мен думанға толы Наурыз мерекесін бірге тойлайық!
Тараз қаласының әкімдігі
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-taraz/press/news/details/961374?lang=kk