Ветеринариялық-профилактикалық іс-шараларды жүргізу туралы

Ветеринариялық-профилактикалық іс-шараларды жүргізу туралы

15.04.2025 17:53:10 1505

Қазіргі уақытта  2025 жылға бекітілген  ветеринариялық іс-шаралар жоспарына сәйкес Қостанай облысының аудандық және қалалық Ветеринариялық станцияларының ветеринарлары ауыл шаруашылығы жануарларының барлық түрлеріне ветеринариялық профилактикалық іс-шараларды (диагностикалық және аллергиялық зерттеулер, вакцинациялау) жүргізу бойынша белсенді жұмыс жүргізіледі.

Ауыл шаруашылығы жануарларын бiрдейлендiру жөнiндегi деректер базасын қалыптастыру және жүргізу және одан үзінді көшірмелер беру туралы ветеринариялық іс-шаралар (профилактикалық вакциналау, аллергиялық, диагностикалық зерттеулер, жануарларды бірдейлендіру) бойынша мәліметтерді дерекқорға енгізу олар жүргізілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.

Дерекқорға аллергиялық зерттеулердің нәтижелері туралы мәліметтерді енгізу аллергиялық зерттеулер оқылған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде жүргізіледі.

Дерекқорға диагностикалық зерттеулердің нәтижелері туралы мәліметтерді енгізу диагностикалық зерттеулердің нәтижелері алынған күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде жүргізіледі.

Барлық мәліметтерді енгізудің, түзетудің, өзектендірудің барлық тарихы АШЖБ деректер базасында және ветеринариялық паспортта сақталады. Жүргізілген ветеринариялық іс-шаралар туралы деректер ветеринариялық анықтаманы беру кезінде көрсетіледі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-veterinariya/press/news/details/960626?lang=kk