Ақмәди Сарбасов регрессшілермен кездесті: өзекті мәселелер талқыланды.
15.04.2025 17:55:37 1654ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Ақмәди Сарбасов Жамбыл облысына жұмыс сапары барысында өңірдегі кәсіпорындардың еңбек ұжымдарымен және регрессшілермен кездесті.
Кездесу барысында регрессшілердің өзекті мәселелері талқыланды. Олар өндірістік жарақаттар мен кәсіптік ауруларға байланыстыөтемақыға қатысты сұрақтарын қойды. Вице-министр олардың мәселелерін мұқият тыңдап, мемлекеттік деңгейде қабылданып жатқан шаралар мен алдағы жоспарлар туралы түсініктеме берді.
Сонымен қатар, еңбек қатынастарын реттеу, өндірістік жарақаттанудың алды алу және жұмысшылардың әлеуметтік қорғалуын күшейту мәселелері талқыланды
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/trud-zhambyl/press/news/details/961505?lang=kk