Облыс әкімі «Қазақстанның үздік тауары» көрме-байқауының жеңімпаздарын марапаттады

Облыс әкімі «Қазақстанның үздік тауары» көрме-байқауының жеңімпаздарын марапаттады

15.04.2025 17:56:53 297

Қостанайда жергілікті тауар өндіруші компаниялардың қатысуымен «Қазақстанның үздік тауары» көрме-байқауы өтті. «Kostanay Plaza» сауда-ойын-сауық кешенінде ұйымдастырылған көрмеге түрлі тауар өндірушілердің нан, шұжық, сүт өнімдері және тоқыма мен зергерлік бұйымдары қойылды. Байқауға қатысуға жиыны 29 компаниядан өтініш түскен. Олар «Өндірістік мақсаттағы үздік тауар», «Халыққа арналған үздік тауар», «Үздік тұтыну тауары» сияқты үш аталымда сынға түсті.

Аймақ басшысы Архимед Мұхамбетов байқау жеңімпаздарын марапаттады. Нәтижесінде «Өндірістік мақсаттағы үздік тауар» аталымында «Гермес 4» ЖШС, «СарыарқаАвтоПром» ЖШС, «МедиДез» ЖШС үздік деп танылса, «Халыққа арналған үздік тауар» жүлдесіне «Домбаев» ЖК, «Содалит» зергерлік компаниясы және «Triera KZ» ЖШС лайықты болды. Ал «Үздік тұтыну тауары» аталымында «ПИК» фирмасы, «Карагулин» ЖК мен «Аква-Арасан» ЖШС марапатталды. Аймақтық турдың жеңімпаздары республикалық байқауда бақ сынайтын болады.

 

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/12005?lang=kk