Сіздерді Наурыз мейрамын 21-22 наурыз күндері сағат 11:00-де бізбен бірге тойлауға шақырамыз!
15.04.2025 17:56:58 706
Құрметті аудан тұрғындары және елорда қонақтары!
Сіздерді Наурыз мейрамын 21-22 наурыз күндері сағат 11:00-де бізбен бірге тойлауға шақырамыз!
Сіздердің назарларыңызға іс-шаралар легін ұсынамыз.
Басты алаң Әл-Фараби атындағы Оқушылар сарайында сіздерді:
Қазақстандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен жарқын концерттік бағдарламалар;
Дәстүрлі әдет-ғұрыптардың тоқтаусыз көрсетілімі;
Қызықты спорттық жарыстар: қошқар көтеру, қол күрес, қазақ күресі, арқан тартыс, шәйнек көтеру, асық ату және тағы басқалар;
Этникалық декорациялар мен таңғажайып жануарлар «Тазы» тұқымды ит және бүркітпен тегін естелік суретке түсу мүмкіндігі;
Қолөнершілер мен дәмді ұлттық тағамдар жәрмеңкесі күтеді.
«Әз-Наурыз» мерекесінің бір бөлігі болу мүмкіндігін жіберіп алмаңыздар!
Күні: 21-22 наурыз
Уақыты: 11:00-ден бастап
Сіздерді мерекемізде күтеміз!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana-almaty/press/news/details/961868?lang=kk