Құрметті жарқайыңдықтар! Қымбатты жерлестер!

Құрметті жарқайыңдықтар! Қымбатты жерлестер!

15.04.2025 17:57:20 1594

Сіздерді көгілдір көктемнің ұлық мерекесі – Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймын! Наурыз – жаңару мен жасарудың, шынайы махаббаттың, ақ пейіл мен татулықтың мерекесі.

Наурыз – дана халқымызда қай кезде де еңсесі биік елдіктің, іргесі сөгілмес бірліктің, ырыс пен ынтымақтың мерекесі болып саналған. Ол өткенді саралап, болашағымызды болжайтын ерекше кезең. Көктемнің қанатымен ере келетін көгілдір нұрға малынған мамыражай шуақпен бірге үлбіреген үміт үстемеленіп,  Наурыз мерекесі адамдардың бойында үміт пен ізгілікті нығайтып, елдің ертеңгі нұрлы болашағына, игі өзгерістерге құлшындырады. 

Көктеммен бірге келетін Наурыз рухани жаңаруға жетелеп, бейбіт пен келісімді әрі қарай нығайтуға септігін тигізсін.  

Құрметті жарқайыңдықтар, Сіздерді ұлық мереке – Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймын! Отанымызға – береке, халқымызға – игілік, мемлекетімізге – молшылық, ал, Сіздерге және отбасыларыңызға, жақын туыстарыңызға мықты денсаулық, баянды бақыт, береке мен бірлік тілеймін! Нұры мол, шуағы ересен Наурыз мейрамы әрбір шаңыраққа тарқамас қызық-қуаныш әкелсін.

Жарқайың аудандық мәслихаттың төрағасы А. Әлжанов

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-zharkain/press/news/details/962013?lang=kk