Наурыз мерекесі қарсаңында елде азық-түлік жәрмеңкелері өтеді
15.04.2025 17:57:23 1651Ұлыстың ұлы күні – Әз Наурыз мерекесі қарсаңында елде ауылшаруашылық жәрмеңкелер ұйымдастырылады. Жәрмеңкелер Ішкі сауда ережелеріне сәйкес өтеді. Аталған ереженің 166-тармағына сәйкес жәрмеңкедегі басым орындар жергілікті ауыл шаруашылығы өндірушілеріне беріледі.
Жәрмеңкелерде көкөністер, жемістер, ет және ет өнімдері, сүт өнімдері және басқа да өнімдер ұсынылмақ.
Астана қаласында 21, 22, 23 наурыз күндері Н.Тілендиев, 12а мекенжайы бойынша дәстүрлі ет жәрмеңкесі өтеді.
Алматыда 21, 22, 23 наурыз күндері келесі мекенжайлар бойынша қалалық-мерекелік жәрмеңкелер ұйымдастырылады:
Гоголь-Масаншы (Алмалы ауданы)
Ш / а. Қазақфильм (Бостандық ауданы)
Абай-Өтеген батыр (Әуезов ауданы)
Меңдіқұлов - Бектұров (Медеу ауданы)
Талдықорған – 23 наурыз күні Желтоқсан көшесі 19/5, әлеуметтік базар.
Шымкентте 20,21,22 наурыз күндері жәрмеңкелер өтеді.
20 наурыз – «Тұран» шағын ауданы, «Zharqyn tau» сауда үйінің алдындағы автотұрақ аумағында, 21 наурыз – Шымсити шағын ауданы, № 21 көпқабатты тұрғын үйдің алдында, 22 наурыз – «Қажымұқан» атындағы орталық стадионның автокөлік тұрағы аумағында және «1000 ұсақ-түйек» сауда қатарының алдында ұйымдастырылмақ.
Қонаев қаласында 22 наурыз күні 4 шағынаудан, «Айша Сити» базарында өтеді.
Көкшетауда 22 наурыз - «Жібек жолы» сауда үйінің алаңында, «Көкше маркет» сауда үй.
Павлодарда 22 наурызда Jailau фермерлік базарында, Торговая 2а.
Семейде 21 наурыз - Северный промузел, 2 (Северный СОО) мекенжайы бойынша.
Өскемен – 21 наурыз күні «Алтай» көтерме сауда орталығында, 22 наурыз күні Өскемен қаласының орталық алаңында ұйымдастырылады.
Орал қаласында 22 наурызда , Ықсанов көшесі бойында өтеді.
Қарағандыда 24 наурыз - "Global city" СОО мекенжайында, сондай-ақ Майқұдық «Ұмай» сауда үйінде және «Молодежный» Мәдениет үйі алаңында өтеді.
Қызылордада 24 наурыз күні Тасбөгет кенті орталық алаңында өтеді.
Қостанайда 21 наурыз «Саяхат» базарында өтеді.
ҚР СИМ Сауда комитеті қазақстандықтарды Наурыз мерекесіне орайластыра ұйымдастырылып жатқан жәрмеңкелерге шақырады және Ұлыстың ұлы күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sauda/press/news/details/962035?lang=kk