Анастасия Городко - Швейцариядағы әлем чемпионатының қола жүлдегері
15.04.2025 17:57:55 198Фристайл-могулдан Ұлттық құрама спортшысы Анастасия Городко Санкт-Мориц қаласында (Швейцария) өтіп жатқан фристайлдан әлем чемпионатында үздік үштікті түйіндеді.
Отандасымыз Анастасия (22.00 ұпай) параллель-могул сайысындағы кіші финалда АҚШ спортшысынан басым түсіп, қолаға қол жеткізді.
Фото: www.olympic.kz
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/962171?lang=kk