Париж Олимпиадасынан кейінгі алғашқы жарыс: Нариман Құрбанов Түркияда топ жарды
15.04.2025 17:58:01 231Спорттық гимнастикадан Түркияның Анталья қаласында өтіп жатқан әлем кубогының үшінші кезеңінде қоржынымызға екі бірдей жүлде түсті.
Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері Нариман Құрбанов өзінің бірінші ресми жарысында-ақ тұтқалы ат снаряды жаттығуында чемпион атанды.
Тұтқалы ат снаряды. Ерлер
🥇Нариман Құрбанов
🥈Зейнолла Ыдырысов
🥉Ахмад Әбу әл-Сауд (Иордания) - Әлем чемпионатының екі мәрте жүлдегері
Жарыс ертең мәресіне жетеді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/962239?lang=kk