НАУРЫЗ - БІРЛІК ПЕН БЕРЕКЕНІҢ МЕРЕКЕСІ
15.04.2025 17:58:19 1579Қандыағаш қаласында Наурыз мерекесіне орай «Шалқар шабыт мерекесі - Әз Наурыз» атты көпшілік халық серуені өтті. Орталық саябақта өткен мерекелік іс-шарада аудан әкімі Дархан Ермағанбетов аудан тұрғындары мен қонақтарын Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мерекесімен құттықтады.
Мерекеге орай орталық саябақта 9 киіз үй тігілді. Мерекені тамашалауға келген тұрғындарға мекемелердің мерекелік дастарханы ұйымдастырылды. Мерекеге жиналған жұртшылық наурыз көже, қымыз және басқа да қазақтың ұлттық тағамдарынан дәм татты.
Мерекеге орай орталық саябақтағы тігілген киіз үйлерге Абай Құнанбайұлы ордасы, Шоқан Уәлиханов ордасы, Әлия Молдағұлова ордасы, Бауыржан Момышұлы ордасы, Мұстафа Шоқай ордасы, Міржақып Дулатұлы ордасы, Ұлы Жеңістің 80 жылдығы, Қазақстан Республикасы Конституциясына 30 жыл, Қазақстан Халқы Ассамблиясына 30 жыл атаулары берілді.
Орталық саябақта аудандық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен концерт және театрландырылған мерекелік көріністер ұйымдастырылды. Ұлттық салт-дәстүрлер дәріптеліп, жылжымалы көрмелер өткізілді. Мерекелік іс-шара спорттық-бұқаралық ойындармен жалғасып, қатысушылар гір көтеру, қол күресі, арқан тартыс және қой көтеруден сынға түсті.
Сонымен қатар мерекелік іс-шарада «Әдепті келін - ауыл көркі» аудандық байқауында және «Ең әдемі киіз үй» байқауында жеңімпаз бен жүлдегер атанғандар және түрлі номинацияларға ие болғандар Дипломдармен, бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Халықтық серуенде 1756 литр наурыз көже мен 628 келі бауырсақ және басқа да түрлі ұлттық тағамдар қала тұрғындары мен қонақтарына ұсынылды.
Наурыз мерекесін жоғары деңгейде өтуіне Қандыағаш қаласындағы кәсіпорын мен мекемелері, жеке кәсіпкерлер белсене атсалысты.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-mugalzhar/press/news/details/962321?lang=kk