Өскемен қаласында киіз үй қалашығы бой көтерді
15.04.2025 17:59:18 1470
Өскемен қаласында мерекелік шаралардың басты орталығына айналған киіз үй қалашығы бой көтерді. Онда қазақтың дәстүрлі 15 киіз үйі тігілді, әрқайсысы өз алдына бөлек тақырыпты қамтып, қазақ халқының мәдениеті, тұрмысы мен тарихы туралы сыр шертті.
Елдегі ең үлкен, 500 адамға арналған киіз үй ерекше назар аудартты. Оның ішінде мәдени іс-шаралар, халықтық қойылымдар, көрмелер және басқа да шаралар ұйымдастырылды.
Киіз үй қалашығын ШҚО әкімі Нұрымбет Сақтағанов пен Өскемен қаласының әкімі Алмат Ақышов аралап, экспозициялармен танысты, қолөнер шеберлерімен тілдесіп, ұлттық дәстүрлер мен қолөнер бұйымдарын тамашалады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-oskemen/press/news/details/962669?lang=kk