Санитариялық ережелер мен өндірістік бақылау мәселелері бойынша семинар

Санитариялық ережелер мен өндірістік бақылау мәселелері бойынша семинар

15.04.2025 17:59:36 187

Халыққа және персоналға түсіндіру жұмыстарын күшейту бойынша ЖШС «Теміржолсу - Қзыл-Орда» мекемесі өндірістік зертханасы қызметкерлері арасында ҚР ДСМ «Өндірістік бақылауды жүзеге асыруға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы 2023 жылғы 7 сәуірдегі № 62 бұйрығын түсіндіру бойынша семинар өткізілді.

Семинар барысында өндірістік бақылаудың мақсаты ретінде объектідегі халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік-құқықтық құжаттардың талаптарының сақталуын қамтамасыз ету және өзін-өзі бақылауды ұйымдастыру мен жүргізу арқылы өнімнің, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің адам үшін қауіпсіздігі мен зиянсыздығын қамтамасыз ету екендігі түсіндірілді. Сонымен қатар, өндірістік бақылауды жүзеге асыру бойынша іс-шараларды ұйымдастыру жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың міндеті екендігі атап өтілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-na-transporte/press/news/details/962829?lang=kk