Мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларының қолданысқа енгізілуіне байланысты өңірдің білім беру ұйымдарында лицензиялар мен лицензияға қосымшаларды қайта ресімдеу бойынша жоспарлы жұмыс жалғасуда.
15.04.2025 18:00:14 253ҚР Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 30 қарашадағы №483 бұйрығымен бекітілген «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру, діни білім беру, кәмелетке толмағандарға білім беру-сауықтыру қызметтері саласында білім беру қызметімен айналысуға лицензия беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларының қолданысқа енгізілуіне байланысты өңірдің білім беру ұйымдарында лицензиялар мен лицензияға қосымшаларды қайта ресімдеу бойынша жоспарлы жұмыс жалғасуда.
Облыстың техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары лицензиялар мен оларға қосымшаларды қайта ресімдеді.
2025 жылдың 1 сәуiрiнен 31 мамырына дейiнгi кезеңде лицензияларды қайта ресiмдеу рәсiмiн меншiк нысанына қарамастан бастауыш, негiзгi орта және жалпы орта бiлiм беру ұйымдары жүргiзуi қажет.
Жекеменшік мектеп басшыларымен жиналыс өткізіліп, лицензиялар қайта ресімделді.
Қайта ресімдеу кестеге сәйкес аудандар бойынша жүргізіледі.
Департамент мамандары ұйымдастыру және ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізеді, лицензияны қайта ресімдеудің алгоритмі мен тетігін түсіндіру бойынша қалалар мен аудандардың білім бөлімдерінің басшыларымен, сондай-ақ мектеп директорларымен кеңестер өткізу жоспарланған.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/control-pavlodar/press/news/details/963033?lang=kk