Заң мен тәртіп: Сот жүйесінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу

Заң мен тәртіп: Сот жүйесінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу

15.04.2025 18:00:45 528

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің СҚО бойынша департаменті «Заң мен тәртіп» қағидатын ілгерілету шеңберінде облыстық және қалалық деңгейдегі судьялармен кездесу өткізді, оған БКБ режимінде аудандық соттардың жүзден астам өкілі қатысты.

Семинар барысында фемида қызметкерлеріне елдің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатындағы негізгі өзгерістер жеткізіліп, сондай-ақ сыбайлас жемқорлықтың алдын алу құралдары түсіндірілді.

Қатысушылардың ерекше назары судьялар үшін санкциялар мен құқықтық салдарлар едәуір күшейтілген сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасағаны үшін жазаның бұлтартпастығына, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді сақтауға, азаматтармен өзара іс-қимылда парасаттылық пен адалдық қағидаттарын сақтауға аударылды.

Сот саласында заңды мүлтіксіз сақтау сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың негізгі шарттарының бірі болып табылатыны, ал қабылданатын бастамаларды тиімді іске асыру заң үстемдігін сенімді бекітуде ғана емес, қоғамның сот жүйесіне деген сенім деңгейінде де оң әсер ететіні атап өтілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/anticorruption-sko/press/news/details/963155?lang=kk