Бала шұғыл түрде медициналық мекемеге ҚР ТЖМ тікұшағымен жеткізілді

Бала шұғыл түрде медициналық мекемеге ҚР ТЖМ тікұшағымен жеткізілді

15.04.2025 18:00:56 253

ҚР ТЖМ "Қазавиақұтқару" ұшқыштары Анатолий Козловский мен Бауыржан Бутенбаев шұғыл медициналық көмек көрсету үшін, баланы Үлкен Нарын ауданынан Өскеменге "Ми-8" тікұшағымен тасымалдады. Бортта кішкентай пациентті санавиация дәрігерлерінің бригадасымен сүйемелдеуі жүзеге асырылды.
Ұшқыштар мен дәрігерлердің тәжірибесі мен кәсібилігінің арқасында ұшу қауіпсіз өтті және 2021 жылы туған бала  медициналық мекемеге жеткізіліп, мамандардың бақылауында болады.



Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-vko/press/news/details/963205?lang=kk