Заңнаманы жетілдіру жұмыстары тұрақты негізде жүргізіледі – туризм және спорт вице-министрі

Заңнаманы жетілдіру жұмыстары тұрақты негізде жүргізіледі – туризм және спорт вице-министрі

15.04.2025 18:01:33 187

Қазіргі уақытта салалық заңға өзгерістер мен толықтырулардың екінші пакеті әзірленіп жатыр. Туризм және спорт вице-министрі Серік Жарасбаевтың айтуынша, балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерінде жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру ұғымдары мен өкілеттіктерін айқындау, уәкілетті органға әдістемені, жан басына шаққандағы қаржыландыру қағидаларын, балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерінің мемлекеттік тапсырысын орналастыру қағидаларын және балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерін аккредиттеу қағидаларын бекіту бойынша құзыреттер беру қарастырылып жатыр.

«Бұл бағыттағы тиісті жұмыс басталып кетті. Бұл мәселе Республикалық бюджеттік комиссияның отырысында қаралып, оң шешімін тапты. Оны 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап енгізу көзделген», - деді спикер ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.

Бұдан бөлек, жаңартылған бірыңғай спорттық стандарттар бойынша бағдарламаларды іске асырғаны үшін жаттықтырушылардың орташа еңбекақысын шамамен 30%-ға артады.

@ortcom_kz #CCS

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/963419?lang=kk