Ауыл шаруашылығын дамыту: төрт ауылда су ұңғымалары қазылуда.

Ауыл шаруашылығын дамыту: төрт ауылда су ұңғымалары қазылуда.

15.04.2025 18:01:52 187

⚜️Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа Жолдауында:

“Ауыл шаруашылығын дамыту – еліміздің тұрақты экономикалық өсуінің кепілі. Су ресурстарының тиімді пайдаланылуы мал шаруашылығының өнімділігін арттырып, ауыл тұрғындарының әл-ауқатын көтереді. Осы бағыттағы жобаларға үкімет тарапынан толық қолдау көрсетілетін болады” – деп атап өткен болатын.

⚜️Осы орайда, ауданымызда төрт түлік малды тұрақты сумен қамтамасыз ету мақсатында 8 су ұңғымасын қазу жұмыстары жоспарланған.

⚜️Бостан ауылдық округінде тереңдігі 55 метр болатын 2 ұңғыма қазылып, сәтті аяқталды. Қазіргі таңда Мұнайшы ауылында қазу жұмыстары басталды. Сонымен қатар, Жетібай және Сенек ауылдарында 4 ұңғыма қазу жоспарлануда.

⚜️Жобаның маңыздылығы- ауыл шаруашылығы мен мал шаруашылығына тұрақты су көздері қамтамасыз етіледі. Су инфрақұрылымының дамуы мал өнімділігін арттырады. Жергілікті шаруалардың тұрмыс сапасын жақсартуға ықпал етеді.

⚜️Бұл бастама өңірдің агроөнеркәсіптік кешенін дамытуға серпін беріп, ауыл шаруашылығы саласының тұрақты дамуына үлес қоспақ.

Қарақия ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-karakiya/press/news/details/963496?lang=kk