А. Ертаев Алматыдағы ҮЕҰ-мен мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қолдау мәселелерін талқылады
15.04.2025 18:02:43 308ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Асқарбек Ертаев Алматы қаласына жұмыс сапары аясында 20-дан астам үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерімен бейресми кездесу өткізді.
Кездесуде арнаулы әлеуметтік қызметтерді лицензиялау, инватакси қызметтерін ұсыну, мүгедектігі бар адамдарды техникалық көмекші (компенсаторлық) оңалту құралдарымен қамтамасыз ету және т.б. мәселелер талқыланды.
Сондай-ақ, 2025-2030 жылдарға арналған инклюзивті саясат тұжырымдамасын іске асыру бойынша қабылданып жатқан шаралар қаралды.
Сонымен қатар, Асқарбек Ертаев Алматы қаласындағы үкіметтік емес ұйымдардың өкілдеріне орта мерзімді кезеңде әлеуметтік саясатта жүзеге асырылып жатқан шаралар туралы айтып берді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/963817?lang=kk