«Наурыз –құтты мерекем!» атты концерттік бағдарлама
15.04.2025 18:02:48 253
Ұлыстың ұлы күні «Наурыз мерекесіне орай» 2025 жылғы 23 наурыз күні аудандық Мәдениет үйінде Алматы және Қарағанды өңірлерінен келген Төтенше жағдай бойынша арнайы жасақ тобының әскери қызметкерлеріне «Наурыз –құтты мерекем!» атты концерттік бағдарлама ұсынылды. Мәдениет үйінің өнерпаздары әсем әуенді әндер шырқаса, «Мерей» өнер мектебінің Республикалық байқаулардың бірнеше рет жеңімпазы болған «Желдірме» домбырашылар ансамблі күмбірлете күй төкті. Сарбаздар өздеріне мерекелік көтеріңкі көңіл-күй сыйлаған Мәдениет үйі мен Мерей өнер мектебінің ұжымына алғыстарын білдірді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kzh-culture/press/news/details/963852?lang=kk