Қарағанды облысының жемқорлыққа қарсы мобильді тобы азаматтарға тегін құқықтық көмек көрсетуде

Қарағанды облысының жемқорлыққа қарсы мобильді тобы азаматтарға тегін құқықтық көмек көрсетуде

15.04.2025 18:03:07 231

ҚР Ішкі істер министрлігімен бірлескен жоспарды жүзеге асыру аясында, «Заң және Тәртіп» тұжырымдамасын жүзеге асыру мақсатында Қарағанды облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті Полиция департаментімен бірлесіп халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру бойынша  құқықтық кеңес жүргізуде.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильді топ тұрақты түрде елді мекендерді аралап, азаматтар арасында тегін құқықтық көмек көрсетеді. Мәселен, ағымдағы жылдың наурыз айында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильді топ Осакаров ауданы тұрғындарына заң аясында кеңес беру мақсатында қабылдау өткізді.

Азаматтарды қабылдауға Департамент, жергілікті атқарушы органдар, сондай-ақ, Осакаров аудандық ішкі істер бөлімінің өкілдері қатысты.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильді топ мүшелері Осакаров ауданының 4 ауылдық округі мен Оскаров ауылында азаматтарды қабылдады.

Мобильді қызмет көрсету аясында 40-тан астам адам кеңес алды. Азаматтардың басым бөлігі жұмыспен қамту, тұрғын үй, мемлекеттік қызмет көрсету мәселелерімен жүгінді.

Бұл іс-шара Осакаров ауданының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында ұйымдастырылды.

Іспеттес мобильді топ қызметі аясында құқықтық көмек көрсету шарасы, ағымдағы жылдың қаңтар айында Қарағанды облысы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі, Полиция департаменті, қалалық ішкі істер басқармасы өкілдерінің қатысуымен қаламыздың ірі сауда орталықтарының бірінде өткен болатын.

#Заң_мен_Тәртіп

#ЗАҢменТӘРТІП

#Жауапкершілік

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/anticorruption-karaganda/press/news/details/963985?lang=kk