Қалалық ТҮКШ бөлімінің басшысы 2024 жылдың соңында және ағымдағы жылдың қаңтар-ақпан айларында келіп түскен депутаттық сауалдарды орындау бойынша өткізілетін іс-шаралар туралы Өскемен қалалық мәслихаты депутаттарының алдында есеп берді

Қалалық ТҮКШ бөлімінің басшысы 2024 жылдың соңында және ағымдағы жылдың қаңтар-ақпан айларында келіп түскен депутаттық сауалдарды орындау бойынша өткізілетін іс-шаралар туралы Өскемен қалалық мәслихаты депутаттарының алдында есеп берді

15.04.2025 18:04:18 275

Қалалық ТҮКШ бөлімінің басшысы 2024 жылдың соңында және ағымдағы жылдың қаңтар-ақпан айларында келіп түскен депутаттық сауалдарды орындау бойынша өткізілетін іс-шаралар туралы Өскемен қалалық мәслихаты депутаттарының алдында есеп берді. Қалалық мәслихат депутаттарынан келіп түскен сауалдардың негізінде Өскемен қаласының ТҮКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі ағымдағы жылға арналған іс-шаралар жоспарына енгізді: балалар стоматологиясы ауруханасы ауданында Буров және Қазақстан көшелері арасындағы жолды кеңейту, Машиностроителей көшесінің бойындағы тротуарды абаттандыру және жол жүріс бөлігін жөндеу. Правда көшесіндегі жолды жөндеу, Мирный кентінің жеке секторындағы бірқатар жолдарға қиыршық тас себу, сондай-ақ Карбышев көшесіндегі тротуарды жөндеу, Фигурный көшесіндегі жол төсеміне орташа жөндеу жүргізу және Титановая көшесіндегі жолға қиыршық тас төгу, Комаров көшесіндегі жолды жөндеу, құрғақ ағаштарды кесу бойынша жұмыс, «Жоғары жылдамдықты шектеу», «Тұрғын аймақ» қосымша жол белгілерін орнату, Красин кентіндегі бірқатар жеке тұрғын үйлерге сумен жабдықтау желілерін жүргізу және басқалар. Сондай-ақ, бірқатар сұраулар бойынша ТҮКШ бөлімі оларды іске асыруға қаражат қаракстыру үшін бюджеттік өтінім беретін болады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ukmaslihat/press/news/details/964437?lang=kk