Сарыарқа ауданында аялдама павильондарын толықтай санитарлық жуу жұмыстары белсенді жалғасуда
15.04.2025 18:05:31 253Қыс мезгілінде ауа райының қолайсыздығына байланысты аялдамаларда тек ішін тазалау – едендерді сыпыру мен ылғалды жуу жүзеге асырылды. Ал көктем келісімен барлық аялдамалардың беткі қабаттары, шыны панельдері мен қасбеттік бөліктері мұқият тазартылуда.
Аудан аумағында 72 жылы аялдама павильоны бар. Олардың 61-і аудан әкімдігінің қарауында болса, қалғандары инвесторлардың балансында. Сонымен қатар, ауданда 273 ашық типтегі аялдама орналасқан. Әрбір аялдаманы күрделі тазалау аптасына екі рет жүргізіледі, оған ылғалды жуу, сыпыру және қоқыс жинау кіреді.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana-saryarka/press/news/details/964818?lang=kk