Аудан әкімі Аманжол Оңғарбаевтың Алғыс айту күнімен құттықтауы

Аудан әкімі Аманжол Оңғарбаевтың Алғыс айту күнімен құттықтауы

15.04.2025 18:05:51 209

Құрметті жерлестер!

Сіздерді көктемнің шуақты мерекесі – 1 наурыз Алғыс айту күнімен және Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдық мерейтойымен құттықтаймын!

Алғыс айту күні – халқымыздың кең пейілі мен дархан көңілін дәріптейтін, мейірім мен ризашылықтың, татулық пен бірліктің мерекесі. Бұл күн ел тарихындағы күрделі кезеңдерді еске алып, қиын-қыстау заманда бір-біріне қолдау көрсеткен ұлттар арасындағы достық пен сыйластықты айшықтайды.

Биыл Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы атаулы мейраммен тұспа-тұс келіп отыр. Ассамблея үш онжылдық бойы халықтар достығы мен ынтымағын бекемдеп, бейбітшілік пен келісімнің берік тұғырын қалыптастырып келеді. Бүгінде сан ұлт өкілдері бір шаңырақ астында тату өмір сүріп, Қазақстанның өсіп-өркендеуіне өз үлестерін қосуда. Тарихтың күрделі кезеңдерінде Арал өңіріне түрлі этнос өкілдері қоныс аударып, жергілікті халықтың кең пейілі мен қамқорлығының арқасында жаңа өмір бастады. Қазір де олардың ұрпақтары ел игілігі үшін аянбай қызмет етуде.

Бірлігіміз бен берік ынтымағымыздың арқасында өңіріміз әрдайым өркендеп, ортақ мүдде жолында нық алға басуда. Мерейлі мерекеде туған жердің дамуына елеулі үлес қосып жүрген барша аралдықтарға, түрлі сала өкілдеріне риясыз алғысымды білдіремін!

Қадірлі ағайын, бірлігімізді нығайтып, ортақ дәстүрлеріміз бен құндылықтарымызды бағалай отырып, жарқын болашаққа бірге қадам басайық!

Баршаңызға мықты денсаулық, отбастарыңызға амандық, молшылық пен береке тілеймін!

Ел бірлігі мәңгі жасай берсін!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-aral/press/news/details/964880?lang=kk