Құрметті шахмат сүйер қауым!

Құрметті шахмат сүйер қауым!

15.04.2025 18:06:07 253

ҚР Парламенті Сенатының қолдауымен, Қазақстан шахмат федерациясы және облыстық мәслихат аппаратының ұйымдастыруымен 2025 жылдың 6 сәуірінде «Senat Open» 2-ші ашық Кубогының іріктеу туры ұйымдастырылады.

Турнирдің мақсаты:

  • Шахматты саяси қайраткерлер, барлық деңгейдегі депутаттар жане қоғам өкілдері арасында танымал ету;
  • Қазақстан Шахмат Федерациясының атқарушы дирекциялары мен жергілікті жерлердегі өкілді билік органдары арасындағы берік байланысты нығайту;
  • Шахмат спортын дамытуға жергілікті атқарушы органдардың назарын аудару;

Жарысқа барлық деңгейдегі мәслихат депутаттары, қоғамдық кеңестердің мүшелері мен БАҚ өкілдері, ардагерлер, мемлекеттік қызметшілер және білім, мәдениет саласының қызметкерлері қатыса алады. 

Алматы облысы бойынша 2-ші Ашық Кубогының іріктеу кезеңі сағат 10.00-де Талғар ауданы Бесағаш ауылының мәдениет үйінде өтеді.

Байрақты бәсекеден қапы қалмаңыздар!



Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl-maslihat/press/news/details/964947?lang=kk