ДЕПАРТАМЕНТ: КЕНТАУДА ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ ӨТТІ

ДЕПАРТАМЕНТ: КЕНТАУДА ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ ӨТТІ

15.04.2025 18:07:01 1088
  • Аймақтық және жергілікті жерлердегі халықтың өтініш-шағымдарын тыңдап, қордаланған мәселелерін шешуге ат салысу, заңға сәйкес түсіндірме беру мақсатында 2025 жылдың 27 наурызында ҚР ЕжХӘҚМ Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитеті Түркістан облысы бойынша департаментімен бірлескен «AMANAT» партиясы Кентау қалалық филиалының ұйымдастыруымен азаматтарды арыз-өтініштері бойынша оффлайн форматта қоғамдық қабылдауы өтті.

 

  • Азаматтарды ҚР ЕжХӘҚМ Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитеті Түркістан облысы бойынша департаментінің мемлекеттік еңбек инспекторы Туленов Мұхтар Өтегенұлы қабылдады.

 

  • Қоғамдық қабылдауда мемлекеттік еңбек инспекторы Мұхтар Өтегенұлы азаматтар тарапынан қойылған Департаменттің құзырына қатысты сауалдарға кеңінен тоқталып, Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің талаптарында көзделген заңдылықтарына сәйкес түсіндірмелер берді.

 

https://www.facebook.com/share/p/1N7jyRFoUR/

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkistan-enbek/press/news/details/965171?lang=kk