Қалалық мәслихаттың кезекті сессиясы өтті

Қалалық мәслихаттың кезекті сессиясы өтті

15.04.2025 18:07:14 220

Тараз қаласы әкімінің орынбасары Нұрсұлтан Исабековтің қатысуымен сегізінші шақырылған қалалық мәслихаттың кезекті жиырма жетінші сессиясы өтті.

Жиынның күн тәртібіне сәйкес әуелі Тараз қалалық мәслихатының төрағасы Кенжебек Олжабай депутаттар алдында атқарылған жұмыстар жөнінде есеп берді.

Келесі кезекте Тараз қаласының ПБ бастығының орынбасары, полиция подполковнигі Данияр Азимов, Тараз қаласы білім бөлімі басшысының орынбасары Дурия Тоғатаева, Тараз қалалық мәслихатының заңдылық, құқық тәртібі және қоғаммен жұмыс істеу жөніндегі тұрақты комиссия төрағасы Марат Жұманқұлов кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу іс-шарасының орындалу барысы туралы баяндама жасады.

Сондай-ақ Тараз қалалық мәслихатының білім беру және әлеуметтік мәселелер жөніндегі комиссиясының төрайымы Эльмира Абдинованың есебі тыңдалып, «2025-2027 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы» қалалық мәслихаттың 2024 жылғы 26 желтоқсандағы №25-3 шешіміне, «Тараз қаласы әкімдігінің дербес құрамына келісім беру туралы» қалалық мәслихаттың 2022 жылғы 4 ақпандағы №12-4 шешіміне өзгерістер енгізу және жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты шарттардың жобасына келісу мәселелері қаралды.

Сессия соңында көтерілген әрбір мәселе бойынша тиісті шешімдер қабылданды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-taraz/press/news/details/965233?lang=kk