Тұрақты комиссия ақпараты

Тұрақты комиссия ақпараты

15.04.2025 18:07:44 220

Қорғалжын аудандық мәслихатында аудандық мәслихаттың экономикалық сала жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы болды. Отырыста төмендегі мәселелер қаралды:

  1. Қорғалжын ауылында 200 га алаңда жүргізілетін масалар, москиттер, соқырлар, мошкалармен күрес шараларын ұйымдастыру жұмыстары туралы.

Ақпарат беруші Қорғалжын ауылдық округінің әкімі

 Н. Дуанбеков

  1. Қорғалжын ауданының ветеринариялық станциясының жұмысы мен алдағы жоспарлары туралы.

Ақпарат беруші Қорғалжын ауданының ветеринариялық станциясының басшысы А. Джакупов

         Бірінші сұрақ бойынша Қорғалжын ауылдық округінің әкімі Дуанбеков Нұрсұлтан Қайыркелдіұлы ақпарат берді. Шыбын-шіркейді залалсыздандырумен айналысатын мекеме өкілдері өз жұмыстарымен таныстырып, комиссия мүшелерінің сұрақтарына жауап берді.

         Күн тәртібіндегі екінші сұрақ бойынша  Қорғалжын ауданының ветеринариялық станциясының басшысы  Джакупов Азамат Қайроллаұлы баяндама жасады. Депутаттардың ауылдық округтер бойынша қойған сұрақтарына жауап берді.

         Отырысты комиссия төрағасы зулханов Аблайхан Валиханұлы жүргізді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-korgal/press/news/details/965365?lang=kk