Облысымыздың шәкірттері жеңіспен оралды
15.04.2025 18:08:19 231⚡Қарағанды қаласында 27-29 наурыз аралығында өткен «Х Халықаралық робототехника, бағдарламалау және инновациялық технологиялар фестиваліне» Дарынды балаларға арналған С.Сейфуллин атындағы облыстық мамандандырылған мектеп-лицейі-интернаты оқушылары қатысты. Қазақстанның барлық өңірлерінен және әлемнің түрлі елдерінен командалар қатысқан бұл жаңа идеялар полигонында 3D прототипирование санаты бойынша Қабиболла Дәурен мен Ғалымжан Жасмина жүлделі ІІ орынды иеленді. Бұл- толассыз еңбек пен қажырлылықтың жемісі.
👏Әр сайыста жеңіс тұғырынан көрінетін жүлдегер оқушылар мен «Техникалық модельдеу» үйірмесінің жетекшісі Махимов Әділхан Мерекеұлын шын жүректен құттықтаймыз!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-bilim/press/news/details/965601?lang=kk