🌿 Мәртөк ауданында екі айлық тазалық науқаны басталды!
15.04.2025 18:08:34 275
📍 29 наурыз – 31 мамыр аралығында аудан аумағында абаттандыру және санитарлық тазарту жұмыстары жүргізіледі. Бүгіннен бастап “Таза Қазақстан” республикалық экологиялық акциясы аясында сенбіліктер ұйымдастырылып, тазалық маусымы ресми түрде басталды.
🔹 Тазалық жұмыстарының негізгі бағыттары:
✅ Республикалық маңызы бар жол бойларын тазалау;
✅ Қатты тұрмыстық қалдықтар полигонын ретке келтіру;
✅ Мемлекеттік мекемелер мен кәсіпкерлік нысандардың маңын абаттандыру;
✅ Аулалар мен көшелерді қоқыстан тазарту, стихиялық қоқыс орындарын жою;
✅ Көгалдандыру жұмыстары: ағаштарды санитарлық кесу, жас көшеттер отырғызу.
🌱 Екі айлық аясында аудан тұрғындары мен мекеме ұжымдары бірлесіп сенбіліктерге шықты. Ауылдар мен елді мекендерде абаттандыру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Әсіресе, жол бойындағы, су айдындары мен орман алқаптарының маңындағы тазалық жұмыстарына ерекше көңіл бөлінді.
Құрметті аудан тұрғындары!
Тазалық – жайлылық пен тәртіптің кепілі! Әрбір адамның өз ауласын, көшесін таза ұстауы – ортақ игілікке қосқан үлесі. Сенбіліктерге белсене қатысып, туған жеріміздің көркеюіне атсалысайық!
🌍 Ауданның тазалығына үлес қосқан барша жанашыр тұрғындарға алғыс білдіреміз!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-martuk/press/news/details/965655?lang=kk